Роман Козлов қызметінен кетті

107
көрілім
Фото сурет SHaiba.kz сайтынан

«Торпедоның» бас бапкері Роман Козлов өскемендік клубпен қош айтысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.

Келісімшарт тараптардың екіжақты келісіміне сәйкес бұзылды. Естеріңізге сала кетейік, 42 жастағы маман команданың бас бапкері болып наурыз айының басында тағайындалған болатын.
Өткен маусымда ол Жоғары хоккей лигасында, яғни Барнаулдың «Динамо-Алтай» коммандасын жаттықтырған. Қазіргі уақытта  бас бапкердің міндетін атқарушы болып Андрей Корабейников тағайындалды.

Ол 2019-2020 жылдардағы маусымнан бері клуб жүйесінде бапкер болып істеп жүр.