Самарда үйі өртенген қариялар көпшіліктен көмек сұрайды

256
көрілім

Жуықта Самар ауылындағы Лоскутова 15/1үйінде кешке өрт шығып, үйдің төбесі толықтай жанып кеттті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сонымен қатар көршісінің үйінің шатыры да жанған. Өртенген үйде зейнет жасындағы екі қария тұрады. Олар қазір колледж жатақханасын паналап жүр.

- Осыған орай қыстың аязында баспанасыз қалған қос қарияға көмек қолдарыңызды созуларыңызды сұраймыз. Үйдің төбесін қайта жөндеуге қаржылай қолдау көрсетсеңіздер, - делінген жергілікті БАҚ бөліскен ақпаратта.

Қаржы жиналса ауылдың белсенді азаматтары материал сатып алып, төбені жабуға кіріседі.


Каспи банк: 8705 175 8344 Роза. Ж
Халық банк: 8705 175 8344 Роза. Ж