Семей қаласында 23 шақырым жол жөнделді

520
көрілім

Биыл Семейдің жолдарында орта жөндеу жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. 23 шақырым қашықтыққа асфальт төселіп, 8 орталық көше жаңартылған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі. 

Жол төсенішін салу үшін 1 млрд. 260 миллион теңге бөлінді. Өткен жылмен салыстырғанда қаражат көлемі 78 пайызға еселенген. Оның ішінде орта жөндеу жұмыстарына 900 миллионнан астам қаражат, 70 көшедегі ағымдағы жұмыстарға 290 миллион теңге жұмсалды.

– Өткен көктемде жолдар жасалынады деп айтқан едік. Нәтижені көріп тұрсыздар. 23 шақырым жол жөнделді, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов. 

Сондай-ақ, аймақ басшысы келесі жылы қаланың тағы 25 шақырым жолына асфальт төселіп, абаттандыру жұмыстары жалғасатынын айтты. Айта кету керек, алдағы бес жылда Семейдің инфрақұрылым желісі де жақсартылып, жаңартылады.