Семейде оқушы қызға "қырындаған" деп айыпталған мұғалімнің кінәсі дәлелденбеді

594
көрілім

Семейде оқушы қызға көз қиығын салып, бейәдеп қылық танытты деп айыпталған денешынықтыру пәнінің мұғаліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Осыдан бірнеше ай бұрын Семейдегі № 30 мектептің жетінші сынып оқушысы денешынықтыру пәні мұғалімі «қырындағанын» айтып, директорға арызданған болатын. Кейін қыздың ата-анасы осы мәселе бойынша құқық қорғау органдарына шағым түсірген еді.

Аталған шағым негізінде «Жас балаларды азғындық жолға түсіру» бабы бойынша іс қозғалды. Осы кезде тергеу жұмыстары аяқталып, мұғалімнің әрекетінде қылмыстық құқықбұзушылық деректерінің болмауына байланысты іс тоқтатылды. Ал уақытша жұмыстан шеттелеген ұстаз қайта жұмысына кірісті.

- ҚР Қылмыстық кодексінің 124 бабының 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі қылмыстық іс қаралды. Тергеу нәтижесінде мұғалімнің тарапынан ешқандай құқықбұзушылық әрекет анықталған жоқ. Сондықтан іс тоқтатылды,-деді ШҚО ІІД басшысының орынбасары Мұратжан Шакеров.