"Семейде үй құлады" деп жалған бейнежазба таратқан ер адам сотқа тартылды

537
көрілім
Шартты фотосурет.

Семей қаласының прокуратурасы «Семейде үй құлады» деп жалған бейнежазба таратқан ер адамға қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Оқиға 24 мамырда орын алған. Семей қаласының тұрғыны ғаламторды ақтарып отырып басқа елде құлаған үй туралы бейнежазбаны көреді. Өзінің компьютерінен ол бейнежазбаны «СРОЧНО ЧП ЭКСКЛЮЗИВ Казахстан Город Семей Сегодня днем в 14.23 обрушился подъезд 2017 год 24 мая» деген жазбамен YouTube сайтының бейнехостингіне жариялаған. Талай көрілім жинаған сол бейнежазба елді дүрліктірген.

Ішкі істер органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізу барысында бейнежазбаны таратқан азаматты анықтады. Қазіргі кезде тергеу жұмыстары аяқталды. Семей қаласының прокуратурасы қылмыстық істі сотқа жолдады.

Қадағалау органы осы тектес ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары немесе телекоммуникация желілері арқылы таратқан адамға ҚР ҚК-нің 274 бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.