Семейдегі ядролық медицина орталығындағы құрал-жабдық қауіпсіздік талаптарына сай емес

572
көрілім

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей қаласындағы іс-сапары барысында өңірдегі ең маңызды денсаулық сақтау нысандарының бірінді болды. Өкінішке орай, мекеме жабдықталуында кеткен кемшіліктер кесірінен әлі күнге дейін іске қосылмай тұр.

Кезекті тексеру кезінде сұйық радиоактивті қалдықтарды сақтауға арналған жабдықтың Шымкенттегі кәсіпорындардың бірінде әзірленгені анықталды. Ал жоба бойынша ол Германиядан алынуы тиіс еді. Осылай, сапасы талапқа сай емес жабдық – күннің басты проблемасы болып отыр. Іске жауапсыз келгендер қатарында құрастыру жүргізген кәсіпорын да бар. Оның радиоактивті заттармен жұмыс жүргізуге тіпті рұқсат қағазы болмаған. Жыры бітпеген мекемедегі жағдайды кезекті рет сынға алған аймақ басшысы мәселені түбегейлі шешуді тапсырды.

– Лицензия міндетті түрде болуы тиіс. Бірақ, оны ешкім тексермеген. Ал жабдық болса, талапқа емес. Біз үшін халықтың қауіпсіздігі бірінші орында, сондықтан оны міндетті түрде ауыстырамыз, — деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Аймақ басшысының тапсырмасына сай, қазіргі таңда ядролық орталықтағы олқылықтың орнын толтырып, мәселені шешудің бірнеше жолы қарастырылуда.