Семейлік әжелер ағылшын тілін үйреніп жүр

607
көрілім

Семейлік әжелер заман көшінен қалысар емес. Алғыр апалар ағылшынша үйреніп жүр. Бірі АҚШ-тағы немересіне баруға дайындалып жатса, екіншісі жеке кәсіп ашуға ниетті. «ЭКСПО-2017» көрмесіне бару да ойында бар, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Бақ.кз сайтына сілтеме жасап.

  Қалалық орталық кітапханада 58-ден 80 жасқа дейінгі зейнеткерлер үшін ағылшын тілін үйрену курсы ашылды. Дәрістер тегін жүргендіктен, қызығушылық жоғары деседі. Сонымен қатар компьютер меңгеріп, ғаламтормен жұмыс істеу тәсілдерін де үйренуге мүмкіндік көп. Аптасына 2 рет өтетін курсты тәмамдаған түлектерге арнайы куәлік беріледі.

Рыскүл Құдысова, зейнеткер:

Қайда барсаң, интернет, сондықтан ағылшынша білу керек. Қазір не көп, компания көп. Бәріне кіргің келеді, біз де қартайдық демей, табыс тапқымыз келеді, бала, немере, шөбере бар. Көмектескіміз келеді. Біз сияқты олар да талаптанып, ниеттенсін дейміз. Қиын ғой біздің қартайған шағымызда, бірақ талаптанып оқып жатырмыз. Керек қой енді, өмірге ең қажетті осы интернет болып тұр ғой.