Шемонаиха ауданында есірткі қабылдаған жүргізуші ұсталды

278
көрілім

Шемонаиха ауданында «Рефлекс» жедел алдын-алу шарасы кезінде есіркі қабылдаған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі

Ағымдағы жылдың 13 қарашасында Шемонаиха ауданының полиция қызметкерлері Вокзальная көшесінде 48 жастағы ер адам басқарған «Volkswagen» көлігін тоқтатқан. Медициналық анықтау кезінде жүргізуші «есірткіге мас болу» күйінде болғаны анықталды.

Сонымен қатар құқық бұзушы 2017 жылы 3 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған болып шықты.

Енді ер адам көлік құралын басқару құқығынан айырылғаннан кейін мас күйінде рөлге отырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.