ШҚО – республикада сүт өндіру бойынша көш басында

484
көрілім

Сүт өндіру бағытында Шығыс Қазақстан өңірі республика бойынша бірінші орынға шықты. Бұл туралы Орталық коммуникация қызметінде баспасөз мәслихатын өткізген Даниал Ахметов мәлімдеді.

Биылғы жылы 900 мың тонна сүт өндіріледі, – дейді Даниал Ахметов.

Облыс әкімі айтып өткендей, Шығыс Қазақстандағы сүттің 70 пайызы жеке шаруашылықта өндіріледі. Сол себепті, жеке шаруашылықты өрістету басым бағыттардың бірі болып табылады.

Қарапайым адамдар өз шаруашылығын дамытып-ақ өз-өзіне еңбек етіп, айлығын алып отыр. Біздің өнімдер Қытай мен Ресейдің өнімдерінен де сапалы. Соңғы бір жарым жылда 50-ден аса сүт қабылдау пунктерін ашылды. Жуықта барлық пунктер ауыл шаруашылығы кооперативтеріне бірігеді, – дейді облыс әкімі.

Мейрамбек Қосажан

Фотосурет: ШҚО Ақпараттық орталығы