ШҚО аудандарына қатынайтын паромдар жұмысын тоқтатты

2226
көрілім
Фото: rexels.com сайтынан

Шығыс Қазақстан облысының аудандарына қатынайтын паромдар бүгіннен бастап жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Күршім мен Самар аудандарын Бұқтырма су қоймасы арқылы жалғап тұрған «Ертіс» және «Күршім» паромдары 28 желтоқсаннан бастап жұмысын тоқтатты. Бұл туралы ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан мәлім етті.

«Қазіргі уақытта мұз үстінде көлік қозғалысына тыйым салынған. Мұзға шығу қауіпсіз болған кезде ғана мұз өткелі ашылады», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Президент тапсырмасына сәйкес Бұқтырма су қоймасына көпір салынып жатыр. Бұл Қазақстандағы ең ұзын көпір болмақ. Құрылыс жұмыстары келесі жылдың аяғында аяқталады деп күтілуде.