ШҚО демалыс орнында ірі өрт орын алды

423
көрілім

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт болған аймақ шамамен 300 шаршы метрді құрайды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- Өрт 26 желтоқсан күні сағат 21.37 шамасында Глубокое ауданында орын алған, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД. - Жалпы аумағы 280 шаршы метрді құрайтын монша кешені жанып кетті.

Өртті сөндіру үшін 5 техника жұмылдырылып, қызыл жалын 23.58 шамасында ауыздықталған.

Оқиғаның себебі анықталуда.