ШҚО «Дінмұхаммед Қонаев» мешітіне жаңа бас имам тағайындалды

479
көрілім

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық «Дінмұхаммед Қонаев» мешітіне жаңа бас имам болып Жақсымбет Нұрислам тағайындалды. Ол бұған дейін Жамбыл облысы Шу ауданы «Төлеби» мешітінде наиб имам болып қызмет атқарған болатын, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

«Дінмұхаммед Қонаев» мешітінің бас имамы Муратжан Исмаилов Алматы қаласына қызметі ауысуына байланысты бұл жұмысынан босатылды.

Имамдардың қызмет алмасуы қасиетті Жұма күні «Дінмұхаммед Қонаев» мешітінде жамағаттың алдында өтті.

Имамдарды жаңадан қызметке тағайындау туралы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфтидің бұйрығын Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Мади Мухтанов оқып, жамағатқа жаңа имамды таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Сонымен қатар өз міндетін абыройлы атқарған М.Исмаиловқа өкілдік атынан алғыс білдіріп, иығына шапан жапты.

Риддер қаласының жамағаттары атынан ақсақақал жаңа тағайындалған бас имамға бата беріп, бұған дейін сәтті қызмет атқарған М.Исмаиловқа ризашылық білдірді.