ШҚО дзюдошылары Азия Кубогінде алдына жан салмады

448
көрілім

Күні кеше Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өткен дзюдо күресінен жасөспірімдер және жастар арасында Азия Кубогінде семейлік татами шеберлері үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Қазан айында қоржынымыз жүлдеге толып, спортшылар медальді молынан иеленді. Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясының спортшылары бірнеше ірі халықаралық жарыстарға қатысып, жеңімпаз атанды. Қырғызстан татамиінде академияның спортшылары бақ сынап, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Жастар арасында жарыс жолына шыққан Жанасыл Әнуаров 73 келіде, қыздар арасында Зарина Сарипова 57 келіде алтын алса, 81 келіде Қуаныш Ратаевқа қоладан жүлде бұйырды.

Әділхан ЕСІМХАНОВ