ШҚО Әділет департаментіне жаңа басшы тағайындалды

935
көрілім

Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің басшысы болып Дауылбаев Ерлан Сіләмханұлы тағайындалды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Дауылбаев Ерлан Сіләмханұлы 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін аяқтаған. Жұмыс жолын 1998 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасының маманы болып бастаған. 1999-2004 жылдар аралығында аталған басқармада бас маман қызметін атқарған. 2004 жылдың қаңтан айынан шілде айына дейні ОҚО Әділет департаментінің интеллектуалдық жекеменшік құқығы бөлімінің бастығы болған. 2004-2005 жылдары ОҚО Әділет департаментінің Сайрам аудандық әділет басқармасының бөлімінде жетекші болып еңбек еткен. 2005-2010 жылдар аралығында Сайрам аудандық Әділет басқармасын басқарған.

2010-2011 жылдар аралығында Ерлан Дауылбаев ҚР Әділет министрлігінің Қостанай облыстық департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс атқарған. 2011-2017 жылдар аралығында ҚР Әділет министрлігінің ОҚО Әділет департаментінде басшы болған.