ШҚО ІІД: «Балаларға қатысты жол-көлік оқиғалары көп жағдайда аптаның дүйсенбісінде тіркеледі»

620
көрілім

Шығыс Қазақстандағы полиция қызметкерлері балалармен болған жол-көлік оқиғаларының жалпы санын анықтап, көліктердің оқушыларды дүйсенбі күні жиі қағатынына көз жеткізді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Yk-news.kz сайтына сілтеме жасап.

ШҚО ІІД-нің хабарлауынша, биылғы жылдың 4 айында кәмелет жасқа толмаған балалармен 30 жол-көлік оқиғасы орын алған. Соның салдарынан 29 бала жарақат алып, бір бала көз жұмған. Бұл жағдайлардың тек үшеуінде ғана балалар кінәлі деп танылды.

Жүргізілген сараптама жұмыстарының қорытындысына сүйенсек, балалармен болған жол-көлік оқиғалары көбінесе дүйсенбі күні орын алады. Оқыс оқиға негізінен 8.00-ден 12.00-ге дейін және 14.00-ден 18.00-ге дейін тіркеледі, – дейді ШҚО ІІД мамандары.