ШҚО инвесторларының мәселелері оң шешімін табуда

578
көрілім

Шығыс Қазақстан облысының инвесторларында виза және лицензия алу барысында және сертификатты тіркеу кезінде туындаған қиындықтар бақылауға алынды. Наурыздан бастап «Kazakh Invest» ҰК» АҚ мамандарымен инвесторлардың 74 шағымын назарға алынып, оның 22-сі оң шешімін тапқан, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Бұл жайлы Шығыс Қазақстан Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ ШОҚ бойынша өкілдігінің директоры Мадина Байсалбаева мәлімдеді. 100 күн аралығында компания өкілдері инвесторлармен 115 кездесу өткізіп, 74 шағымның 22-сі шешімін тапса, 52 өтініш әлі де қарастырылуда.

Аймақтағы инвесторлардан әсіресе виза алу және құжаттарды қарастыру уақытының талабына қатысты сұрақтар келіп түсуде. Осы бағытта инвесторлармен және жергілікті атқарушы билік арасында байланыс орната отырып, мәселелерді қадағалауға алдық, – дейді Мадина Байсалбаева.

Шетелдік инвесторлармен қарым-қатынас орнатып, олардың құқығын қорғау мақсатында құрылған «Kazakh Invest» ҰК» АҚ республика көлемінде 90 шетелдік инвесторлармен кездесу өткізіп, 22 меморандумға қол қойған.