ШҚО мектептеріне жаңа автобустар сыйға тартылды

309
көрілім

2017 жылдың 14 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысының 18 мектебі жаңа мектеп автобустарын иеленді. Мұндай сыйлықты облыстық билік Тәуелсіздік Күніне орай ауылдық елді мекендерде орналасқан білім беру мекемелеріне тарту етіп отыр. Бұл мектептердегі тұрақты мәселесі — оқу орнынан алыс жерде тұратын балаларды жеткізу. Енді мәселе шешімін тапты.

Семейде құрастырылған 22 жаңа «Daewoo» автобустары облыстық бюджет есебінен сатып алынды. Жүргізушілердің айтуынша, бұл автобустар жақсы, ыңғайлы, жылы әрі шапшаң жүреді екен. Нағыз оқушыларға арналған көлік деседі.

Автобуста 38 орын бар, бірақ кейбір мектептер үшін ол аздық етеді. Катонқарағай ауыданының Дамитов атындағы мектебіне 245 баланы жеткізу керек. Бұл білім беру мекемесі тек 2015 жылы ғана ашылған. Мектепке жаңа автобус берілетінін мекеме директоры Күлпәш Байжуменова жаз мезгілінен бері білетін. Бірақ бұл қуанышын азайтпайды. Бұған дейін мектептегі бір автобус балаларды Үлкен Нарынның барлық ықшам аудандарынан жеткізетін. Мектеп көлігі күніне 11 рейс жасайды.

Автобустар тек жаңа салынған мектептерге ғана беріліп отырған жоқ. Переменов орта мектебі 1971 жылы салынған. Онда Переменовка, Андроновка және Ремки ауылдарының балалары білім алады. Мұнда 57 бала жеткізіледі.

Өскемен қаласының екі мектебі де көлік алып отыр. Олар — 28 ықшам ауданында орналасқан №33 орта мектебі мен мүмкіндігі шектеулі «Ақ Ниет» мектеп-интернаты.

Мектеп автобусын пайдалану — аса қымбат шығын. Оған бөлшектер алу қажет, жүргізушіге еңбекақы төленеді, билеттер де күрт қымбаттап кетуде. Автобус алған мектептерге 2018 жылға бұл шығындар бюджетте қарастырылған. Қаражат облыстан бөлінеді.

Көптен күткен мектеп автобустарының кілтін Шығыс Қазақсатн облысының әкімі Даниал Ахметов табыстады.

Елдің болашағы балалардың қолында. Сондықтан біз олардың Батыс Еуропа, Америка, Үндістан, Қытай елдеріндегі құрдастарымен бәсекеге түсе алуына жағдай жасауға талпынамыз. Балаларымыз өз елімен мақтанғанын қалаймыз. Еліміз мақтануға лайықты. Біз балаларымыздың көп тілде сөйлегенін қалаймыз — біз оға қол жеткіземіз! Біздің балаларымызды әлемдегі ең үздік құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткіміз келеді. Келер жылы біздің мектептер Назарбаев зияткерлік мектебіндегідей кабинеттерді иеленеді, деп уәде етті әкім.