ШҚО оқушылары актёрлік шеберлігін көрсетеді

307
көрілім

Өскеменде 30 қараша күні «Шығыс Қазақстанның ағыздары, мифтері және хикаялары» атты сахналық театрланған қойылым конкурсы өтеді. Біздің өлкенің көрікті жерлері мен киелі орындарын білгіштер Шығыс Қазақстанда айтылатын ел арасындағы аңыз әңгімелерден көрініс қояды.

Бұл шығармашылық сайысқа Шығыс Қазақстан облысының қалалық және аудандық жалпы білім беру мекемелерінен 16 команда қатысады. «Матрена Сұңқары туралы аңыз», «Күшікбай батыр өткелі», «Тарбағатай ауданындағы Жыланды жота туралы аңыз» жіне тағы да басқалары сахналанбақ.

Конкурсты «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының аясында ШҚО білім басқармасының «Дарын» Шығыс Қазақстан аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы өткізіп отыр. «Мәңгілік Ел – болашаққа ұмтылған ел» белсенділер мен көшбасшылары конкурсының үшінші турының құрамдас бөлігі — сахналық тетрланған қойылым ұсыну. Бұл конкурс «Туған өлке – біздің бастамалардың негізі» акциясын, командаларға арналған «Мықты және жауапты адамдардан бірыңғай Ұлт құру» викторинасы және сурет салу конкурсын өткізуді де қамтиды. Ол Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Күніне орайластырылып отыр.

Театрланған қойылымдар конкурсы Металлургтер мәдени сараайында 9-00 -де басталады.