ШҚО палуандары Иван Ярыгин атындағы Гран-При турнирінде бақ сынауда

515
көрілім

Шығысқазақстандық төрт еркін күрес шебері Ресейдің Красноярск қаласында жалауын көтерген Гран-При турнирінде боз кілемге беттеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Көптеген күрес мамандары аталған жарысты Италиядағы Маттео Пелликоне мемориалы, Түркиядағы Яшар Догу турнирі сынды додалардар көш ілгері тұрған беделді турнир деп айтады. Олимпиада, Әлем чемпиондарының көбі бас қосатын бәсекеге көптеген елдер кеңейтілген құраммен жол тартады. Ел құрамасы аталған сыннан шет қалған жоқ. Бапкерлер бекіткен тізімде шығысқазақстандық төрт палуан бар. Кеше үш салмақта финалға шыққандар есімі белгілі болды.

Бүгін белдесетін Тарбағатайлық Олжас Олжақановқа да (65 келіге дейін) оңай болмасы анық.

Бұдан бөлек, 74 келіге дейінгі салмақта көкпектілік Шыңғыс Мұхаметқалиев бар. Қос спортшы да жиырманың ары-берісіндегі жастар. Өздеріңізге мәлім, қызу тартыс осы салмақтарда айрықша өрбиді. Сондай-ақ семейлік Азамат Дәулетбеков (86 келіге дейін) пен риддерлік Олег Болтин (125 келіге дейін) өз мүмкіндіктерін байқайды.

Біздегі бар ақпаратқа сәйкес ел құрамасы сапында 61 келіге дейінгі салмақта белдескен қарағандылық Азат Оганесян жұбаныш белдесуінде бақ сынайды. Себебі оны ұтқан дағыстандық Абасгаджи Магомедов шешуші сынған шыққан болатын.