ШҚО полицейлері 4 жыл бұрын жоғалған мылтықты тәркіледі

415
көрілім

Мамыр айының 27-сі күні «Қару» республикалық жедел-профилактикалық шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлеріне зейнет жасындағы жергілікті тұрғынның атыс қаруын заңсыз сақтағаны туралы ақпарат түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тәртіп сақшылары бұл ақпаратты дереу тексеру барысында 66 жастағы зейнеткердің үйін тінту жүргізген. Нәтижесінде Глубокое ауданының тұрғыны, қосалқы бөлменің жанындағы дәлізде жалпы саны 100 данадан асатын мылтық пен түрлі калибрлі оқ-дәрілерге ұқсас зат табылды.
Жүргізілген сараптама қорытындыларына сәйкес алынған зат 16 калибрлі патрондармен атуға жарамды «ИЖ-58» маркалы екі ұңғылы аңшылық мылтық екені, ал алынған патрондар ойық және тегіс ұңғылы қаруға арналған оқ-дәрілер екендігі белгілі болды.


– Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287 - бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, осы баптың санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, - деді ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев.
Атап өтетін бір жайт, 2017 жылы бұл адам мылтықтың жоғалғанын мәлімдеген болатын, алайда жүргізілген шаралар барысында барлығы керісінше екені дәлелденді.
Сонымен қатар полицияға тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын еске саламыз.