ШҚО полиция қызметкерлері 1996 жылы жасалған кісі өліміне қатысты күдіктіні ұстады

293
көрілім

Қылмыс 2004 жылы ашылып, бір жылдан кейін күдіктілердің біріне іздеу салынған, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Тергеушілердің мәліметінше, 1996 жылы жаздың аяғында күдікті бір топ адамдармен келісіп, кісі өліміне қатысқан.
- Олар екі ер адамды бірнеше жерден пышақтаған. Жәбірленуші оқиға орнында қаза тапқан, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаменінің баспасөз қызметі. - Қылмыс 2004 жылы ашылды. Оқиғаға қатысы бар үш адам түрлі мерзімде бас бостандығынан айырылған. Төртінші күдікті Қазақстаннан қашып үлгеріп, 14 жыл бойы көрші мемлекеттің аумағында тұрып келген.
43 жастағы күдікті РФ-нің Кемерово қаласында қолға түсті. Қазір Қазақстан Республикасына экстрадициялау туралы мәселесі шешілуде.