ШҚО Прокуратурасы тұрғындарды жолдың сапасыз жөнделуі туралы ақпаратпен бөлісуге шақырады

481
көрілім

Облыстық Прокуратура өңір тұрғындарын жолдың сапасыз жөнделуі туралы ақпаратпен бөлісуге шақырады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Сапасыз салынған құрылыс, жол жөндеу және жол жабындысының бұзылуы сияқты барлық фактілерді Прокуратураға хабарлауды сұраймыз, – дейді прокуратура қызметкерлері. – Хабарламаны фото және бейнетаспалармен қоса берсе тіпті жақсы.

Тұрғындар 8 (7232) 24-54-82 телефоны бойынша қоңырау шалып немесе бақылаушы органның «Facebook», «ВКонтакте» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларына жаза алады.