ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жанынан құралған ақпараттық-ағартушылық штабы 2020 жылы атқарған жұмысын қорытындылады

313
көрілім

 

Ақпараттық – ағарту штабы - Агенттік жанынан құрылған консультативтік-кеңесші орган. Мамандар сөзінше, штабтың мақсаты - халықпен сындарлы диалог құру, қоғамда парасаттылық қағидаттарын насихаттау және ілгерілету, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың ортақ міндетін нақты белгілеп берді.

2019 жылы 45 мүшесі бар штаб құрылған болатын. Штаб құрамына барлық қалалар мен аудандардағы ақсақалдар, қоғам белсенділері, блогерлер мен журналисттер, имамдар, наиб имамдар мен шіркеу қызметкерлері, заң қызметкерлері, депутаттар мен жастар белсенділері енді.

2020 жылы насихаттау жұмысын кең көлемде жүргізу үшін Instagram желісінде anticor_shtab_vko парақшасы ашылып, 12800 оқырман жазылған. Жыл көлемінде парақшада 668 мақала жарияланып, ақпараттық жұмыстар жүргізілді. Facebook желісіндегі парақшамызда оқырмандар саны 5000 адамды құрайды және 567 мақала жарияланған. Ал Telegram желісінде 175 оқырман тіркеліп, 186 мақала шықты.

2020 жылы ақпараттық-ағартушылық штаб мүшелерімен келесі іс-шаралар атқарылды: аудандар мен қалаларда 52 елді-мекендерге шығу арқылы кездесу, 148 онлайн форматындағы кездесулер өткізілді. Барлығы 15 000 адам қамтылды. Сонымен қатар 10 дөңгелек үстел, 12 челендж, 9 акция, 48 парасаттылық сағаты, 32 қайырымдылық шарасы, 105 бейнеролик түсіріліп, 21 сұхбат, 214 тікелей эфирлер өткізіліп, барлығы 32 700 адам қамтылды.

Халықтың жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында әлеуметтік құқықтық сауаттылықтарын арттыратын 8 мыңнан аса әлеуметтік үлестіру қағаздары мен флаерлар таратылды.

Ақпараттық-ағартушылық штаб мүшелері карантин кезінде көпбалалы, аз қамтылған және өмірлік қиын жағдайға тап болған жандармен кездесулер өткізіп, 12 отбасына азық-түліктей көмек көрсетті.

Қалалар мен аудандардағы дәріханаларда бағаны шектен тыс көтеру фактілері мен олардың бар болуына мониторингілеу жұмыстары жүргізілді. Zoom платформасында 6 мәрте штаб мүшелерінің отырысы өтті.

Сондай-ақ өңір жастарының қатысуымен «Жастар-адал болашақ үшін» жазғы онлайн лагері ұйымдастырылды.

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай 2-9 желтоқсан аралығында ШҚО бойынша жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл апталығы ұйымдастырылып, апталық барысында облыс көлемінде 150 іс-шара ұйымдастырылып, оған 8250 жас қамтылды.

Жергілікті «ALTAI», «SEMEY» телеарналарында штаб мүшелері тікелей эфирде сұхбат берді. Ал облыстық «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде және «Ozekti» (Шығыс Ақпарат) ақпараттық порталында штаб жұмысы туралы мақалалар жарияланды.