ШҚО тұрғындары биыл МӘМС-ке 10,2 млрд теңге аударды

817
көрілім

Шығысқазақстандықтар 2021 жылдың басынан, яғни қаңтар-мамыр айларында медициналық сақтандыру үшін 10,2 млрд теңге жарна аударды. 

- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түскен барлық жарна аударымдары, яғни жинақталған қаржы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалуда. Медициналық сақтандыру қоры пациенттер құқығын қорғайды. Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда кері байланыс арналары: Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, @saqtandyrybot телеграмботы, 1406 байланыс орталығы және Қордың fms.kz сайты арқылы хабарласуға болады, - деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ШҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі. 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өтінішіңізді қарап, тиісті шара қабылдайды.