ШҚО тұрғыны шортан аулап, 800 мың теңге айыппұл арқалады

119
көрілім
Фотосурет eastkazpolice парақшасынан

«Уылдырық» жедел-алдын алу шарасы кезінде Күршім ауданының тұрғыны қолға түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыс аумағында жүріп жатқан шара кезінде табиғатты қорғау полициясы қызметкерлеріне Күршім ауылының 35 жастағы тұрғыны күдік туғызған. Ресми ақпаратқа сәйкес, ол Бұқтырма су қоймасы аумағында тыйым салынған жерде балық аулады.

Анықталғандай, оқиға орнында тексеріс жүргізген тәртіп сақшылары салмағы 115 келіге жететін шортан балығы мен екі тор тәркіледі.

– Өздерінің заңсыз әрекеттерімен олардың табиғатқа келтірген шығыны 800 мың теңгеден асты. Қазіргі уақытта оған қатысты келу түріндегі процессуалдық шарасы қолданылды, – деді полицейлер.