ШҚО түзеу мекемелерінде мүмкіндіктері шектеулі сотталғандар жұмыспен қамтылды

516
көрілім

ШҚО прокуратурасы сотталған мүгедектердің жұмыспен қамтылуына аса көңіл бөлуде, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Іс-шара шеңберінде түзеу мекемелерінде жазаларын өтеп жүрген мүгедектердің қабілеттері ескеріліп, өндірістер ашылуда. Нәтижесінде, олар еңбектенуге, ақша табуға, қылмыспен келтірген залалдарын өтеуге мүмкіндіктері пайда болды.

Мысалы, ОВ-156/2 мекемесінде екі мүгедек жұмыспен қамтылды, олардың біреуі себет тоқып, екіншісі жәдігерлерді жасайды.

Тұтас алғанда, аумақ бойынша 3 200 еңбекке жарамды сотталғандардың жалақы төленетін жұмысқа 2 400 (75%) орналастырылды. 54 кәсіпкер колонияларды өз бизнестерін ашты. 13 сотталған жеке кәсіпкерлікпен айналысады (жиҺаз, құрылыс материалдары мен жәдігерлер шығарады, метал және ағаш өңдеумен айналысады, құстар мен қояндарды өсіреді).

Кәсіпкерлер үшін ыңғайлы жұмыс кестесі құрылып, көлікті өткізу және қараудың арнайы схемасы қарастырылып, бірқатар тренинг мен оқыту семинарлары ұйымдастырылған.