ШҚО жылу беру маусымына сақадай сай дайын

502
көрілім

Шығыс Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық барысы қарқынды. Қазіргі таңда әлеуметтік маңызды нысандар 100% қамданған.

Облыстық әкімдік отырысында аталған бағытта өңірдегі жөндеу-дайындық жұмыстары жоспарға сай жүріп жатқаны тілге тиек етілді. Қазанның біріне дейін аймақтағы көпқабатты тұрғын үйлер түгел дерлік қысқа дайын болады. ЖЭО мен ірі жылу беру көздері 358 мың тонна отынмен қамтылған. Бюджеттік мекемелер де 100% дайын. Отын көзінің тапшылығын тудырмау мақсатында аталмыш сала нысандарына күзгі айларда көмір жеткізу кестесі де берілді. Ал көмірді шілденің он бесінен бастап «Қаражыра» АҚ тиеп жатыр.

— Ауа температурасы күрт төмендейтін болса, мектептер, мектепке дейінгі және денсаулық сақтау мекемелеріне бірден жылу беруіміз керек, — дейді Даниал Аxметов.

Сондай-ақ, аймақ басшысы Зырян қаласының қысқа дайындығының сақадай сай болуын ерекше атап өтті. Қалай дегенмен, қала тұрғындары өткен жылғы жағдайды тағы бір мәрте бастан кешпеулері тиіс.