ШҚО-да 10 жұмыртқа қанша теңге тұрады?

146
көрілім
Фотосурет egеmen.kz сайтынан

Қазірде аймақта І-ші санатты жұмыртқаның 10 данасы 570 теңгеден сатылуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шенеуніктер баға тұрақтылығынан бөлек, жұмыртқа тапшылығы байқалмайтынын да айтты.
«Ертіс» ӘКК» АҚ ақпаратына сәйкес, кәсіпкерлерге несие беру арқылы бағаны тұрақтандыруға арнайы механизм ойластырылған. Бүгінде Өскемен қаласы бойынша 24 павильонда жұмыртқаның 10 данасын 570 теңгеден сатып алуға болады. Аталған тауар жақын маңдағы аймақтардан жеткізілуде.
Айта кетсек, қысқа мерзімге бағаны тұрақтандыру жүйесі арқылы жергілікті тұрғындардың жұмыртқа өніміне деген сұрасы анықталып, бұл жұмысты 11 ақпанға дейін жалғастыру жоспарланды.