ШҚО-да 277 мектеп жаңа техникамен жабдықталмақ

749
көрілім
Шартты фотосурет.
Ұстаздар күніне орай Шығыс Қазақстан облысында «Туған Мектеп» атты бірегей жоба қолға алынбақ. Аталмыш жоба аясында өңіріміздің 227 мектебі заманауи техникамен жабдықталатын болады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі. 

Облыстың орта мектептерін жаңа жабдықтармен қамтамасыз ету шаралары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске асады.

Жоспар бойынша 277 білім ордасына Назарбаев Зияткерлік мектебінің стандартына сәйкес заманауи техникалар әкелінбек, дейді «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсе қызметінің басшысы Ольга Шабалина. Жаңа жабдықтар химия, физика және биология сыныптарына орталастырылады.

Сонымен қатар, мектептерге роботты техника бөлмелері ашылатын болады. Айта кету керек, «Туған Мектеп» жобасын іске асыру үшін 2,6 млрд. теңге жұмсалмақ.