ШҚО-да 30 қаңтар мен 3 ақпан аралығында 7 өрт оқиғасы тіркелді

257
көрілім

ШҚО-да 30 қаңтар - 3 ақпан аралығында 7 өрт оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

31 қаңтар күні сағат 16.46 шамасында Семейдегі Шәкәрім даңғылы бойындағы мекемелердің бірінде жертөле терезесі, балконның ағаш құрылымдары өртенді. Өрт жалыны 0,5 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауынан деп болжануда.

1 ақпан күні сағат 3.42-де Целинная көшесінің бойындағы ЖШС көлікжайы отқа оранды. Өрт 2 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу cебебі – электр жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауы.

1 ақпан күні сағат 4.36 шамасында Полярный тұйық көшесіндегі жеке тұрғын үй ауласында 84 шаршы метр үйдің ағаш құрлыстары, аумағы 1,5 шаршы метрдің құрайтын 2 тонна көмір және 1 шаршы метр веранда отқа оранған. Өрттің шығу себебі – отты абайсыз пайдалану.

1 ақпан күні сағат 21.19-да «Черемушки» бау-бақша қоғамдастығында аумағы 45 шаршы метрді құрайтын төбе тақтайлары, ағаштан жасалған жеке заттар жанып кеткен. Өрт электр жабдықтарын орнату және пайдалану барысында қауіпсіздік талаптарының сақталмауы салдарынан болған.

2 ақпан күні сағат 2.45 шамасында Тайбурыл көшесінің бойындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде аумағы 2 шаршы метр ағаш еден отқа оранған. Өрт пешті пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауынан орын алған.

2 ақпан күні сағат 18.41-де Железнодорожная көшесінің бойындағы 1 қабатты тұрғын үйдің ағаш төбесі жанып кеткен. Қызыл жалын шарпыған жалпы аумақ 4 шаршы метрді құрады. Өрттің пайда болу себебі пешті орнату және пайдалану кезінде, сондай-ақ электр жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауынан деген болжам бар.

3 ақпан күні сағат 2.12-де Славский атындағы жағалаудағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде Lexus маркалы автокөлік отқа оранған. Өрт 2,5 шаршы метрді құрады. Сондай-ақ көліктен шыққан өрт жалыны Тойота Лэнд Крузер көлігіне тиіп, сыртқы бояуына зақым келтірген.