ШҚО-да 400-ге жуық адамды кене шаққан

361
көрілім
Фото:syrboyi.kz сайтынан

Ресми мәліметке сүйенсек, 24 сәуірден бері өңірдегі эндемиялық аймақтардан 395 адам кене шағу бойынша медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Көмекке жүгінгендердің арасында 34,4%-ы 14 жасқа дейінгі балалар. Былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда кене шаққан адамдардың саны – 181 жағдайы артты.
Дәл осындай жағдаймен медециналық көмекке жүгінген адамдардың 97%-ы профилактикалық мақсатта кене энцефалитінің вирусына қарсы иммуноглобулин қабылдады. Қалған 3%-ы (12 адам) медициналық көмекке кеш жүгінуінен және бас тартқандықтан серопрофилактикамен қамтылмаған. Қазіргі уақытта облыста кене инфекциясы тіркелмеген. Бүгінде эндемиялық аймақтардағы медициналық ұйымдарда кене шағуынан зардап шеккен адамдарға профилактикалық көмек көрсету үшін кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин жеткілікті мөлшерде бар.
Аймақта кене энцефалитінің тұрақты ошақтары бар. Олар: Глубокое, Алтай, Зайсан, Катонқарағай, Самар, Ұлан аудандары және Өскемен, Риддер қалаларының маңы.
ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдері облыстағы кене энцефалитінің тұрақты ошақтары бар аудандарда серопрофилактикалық пунктердің жұмыс істеп тұрғанын хабарлайды.
Өскемен қаласы бойынша: ересек тұрғындар үшін – Серікбаев көшесі, 1/5, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігіне қарасты денсаулық сақтау мекемесінің №4 қалалық ауруханасы, балалар  үшін – Қазыбек би даңғылы,11 мекенжайындағы «Ана мен бала орталығына» баруға болады.