ШҚО-да алдағы күндері найзағай ойнап, жаңбыр жауады

751
көрілім

Қазгидрометтің хабарлауынша, мамыр айының 22-23 күндері күн ысығанымен, 24-25 күндері Шығыс Қазақстанда жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Болжам бойынша, 23 мамырда күндіз +30 градусқа дейін ысығанымен, түнгі уақытта ауа температурасы +5-ке дейін төмендеуі ықтимал. Ал 24 мамырда күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін соғып, күндіз өткінші жаңбыр жауады. 25 мамырда да көшпелі бұлт жүріп, жаңбыр толастамайды. Осы күні күндіз термометр көрсеткіші +18 градусты көрсетіп, найзағай ойнап, жаңбыр жауады.