ШҚО-да «AMANAT» партиясының қабылдау бөлімдеріне түскен өтініштердің қаншасы оң шешімін тапқан?

240
көрілім

Партия өкілдері осыған дейін қанша өтініш түсіп, сол бағытта атқарылған жұмыс нәтижелілігіне тоқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Партияның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Айгул Байжанованың айтуынша, өңірлік филиалдың қабылдау бөлімдеріне биыл 11 000-нан астам өтініш келіп түскен.
Қарау нәтижелері бойынша 41%-ы оң шешілген. Ал осы жылдың үш айында 3000-ға жуық шағым қабылданып, оның 38%-ы оңтайлы шешімін тапқан.
Жалпы «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелері арқылы түйткілді мәселелеріне шешім іздеп, көмек сұрап келетін азаматтардың саны өте көп. Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері тұрғындар үшін өздерін толғандырған сұрақтарына жауап табатын бірден-бір тиімді алаңға айналған.