ШҚО-да аудандардың ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жаздың соңына дейін тоқтатылды

641
көрілім

ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, жаз айының соңына дейін Өскемен және Семей қаласында облысқа қарасты аудандардың ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Өскемен және Семей қаласында әр аптаның сенбісінде ауылшаруашылығы жәрмеңкесінің ұйымдастырылып келе жатқандығы белгілі. Осыдан былай аудандардың жәрмеңкесі тоқтатылып отыр. Алайда Өскемендегі «Freshmarket» фермерлік гастрономының алдында өтетін жәрмеңке осымен аяқталмайды. Енді жаз мезгілінің соңына дейін тұрғындар назарына қала кәсіпкерлері арзан бағада ет, балық, май, сүт тағамдарын арзан бағада саудалайтын болады. Кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі алдағы сенбіде, яғни маусымның 17 күні әдеттегідей 9:00-де басталмақ.