ШҚО-да бір күнде екі көлік өртенді

679
көрілім
Шартты сурет

Біреуі Өскеменде, екіншісі Алтай ауданында тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Төтенше жағдай департаменті ұсынған мәліметке сүйенсек, бүгін таңғы сағат бес шамасында Алтай ауданында гараж кооперативінің аумағы өртенген.
– Кейін тілсіз жау гараждардың біріндегі «Chevrolet Niva» автокөлігін шарпыған. Екінші көлік өрті Өскемендегі Шәкәрім даңғылы бойында тұрған ГАЗельден шыққан. Қызыл жалынның жалпы аумағы бес шаршы метрді құрады, –  делінген мәліметте.
ТЖД мамандары атап өткендей, жыл басынан бері өңірде 28 көлік өрті тіркелген.