ШҚО-да бір үйден 7 адам ыс тиіп ауруханаға түсті

518
көрілім

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында бір үйден ыс тиген 7 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ШҚО жұмылдыру дайындығы басқармасының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқыс оқиға 25 қыркүйек күні сағат кешкі 18:00 шамасында Прогрес ауылының Абай көшесіндегі үйлердің бірінде тіркелген.

— Пештің жөнделмеуі себепті 7 адам ауруханаға түсті. Олардың ең үлкені 76 жаста. Ең кішкентайының жасы 2-де. Зардап шеккендердің бесеуі — бала, — деп хабарлайды ведомстводан.

ШҚО жұмылдыру дайындығы басқармасынан хабарлағандай, жыл басынан бері өрт қауіпсіздігін сақтамау салдарынан Шығыс Қазақстанда 202 адам адам ыс тиіп зардап шеккен. Олардың 75-і — балалар. Ыс тигендердің 100-і ауруханаға жатқызылған.