ШҚО-да бір жолда екі бірдей көлік апаты болды

650
көрілім

31 мамыр күні сағат 18:30 шамасында “Усть-Таловка-Шемонаиха” тасжолынан 3 шақырым жерде екі жол-көлік оқиғасы болды.

- BMW 520 көлігінің 28-жастағы жүргізушісі белгіленген жылдамдықты асырған және көліктер арасындағы  арақашықтықты сақтамаған. Соның салдарынан ВАЗ-21090 көлігімен соқтығысқан. BMW 520 автокөлік жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылды, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті.

Дәл осы уақытта сол маңда тағы бір көлік қақтығысы тіркелді.

- Lada-21144 көлігінің 28-жастағы жүргізушісі белгіленген жылдамдықты асыруының салдарынан жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, Toyota Rav4 автокөлігіне соғылған. Зардап шеккендер жоқ.  Lada-21144 автокөлігінің жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылды, - делінген ведомство өкілдері таратқан ақпаратта.

Ақмарал Мұхтарбекова