ШҚО-да Бірінші Президент Күніне орай көркемөнер көрмесі ашылды

308
көрілім

Бірінші Президент күніне орай, сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» қамқорлығымен өтіп жатқан «Арт-заман» жобасының аясында, Шығыс Қазақстан өнер мұражайы суретші Николай Аштеманың жеке мерейтойлық көрмесін ашты. Бұл көрме «Менің Отаным – Қазақстан» деп аталады.

Өскемендік суретшілердің ішінде Николай Аштеманың есімі ерекше лайықты құрметке ие. Ол графиканың барлық техникасын меңгерген, тамаша көркем суретші. 1991 жылы оның суреттері Харьковтегі халықаралық графика және плакат көрмесінде аталды, 1993 жылы — Торонтодағы миниатюра көрмесінде. Николай Павловичтің Қазақстан суртешілері Одағының мүшесіне кіргеніне 30 жыл болды. Өзінің әр мерейтойын суретші жеке көрмесін ашумен ата өтеді. Осы жолғы экспозиция жетпіс бес жылдығына орай ұйымдастырылды. Бірақ суретшінің өмірге деген қызығушылығы, оның еңбекқорлығы әлі де жастық шағындағыдай. Пленэрмен тау-тасты аралау, шабыт келгенде түн демей жұмыс істеу — бұл Николай Павловичтің өмір салты. Ол ересектерге арналған бейнелеу өнерінің студиясын 40 жылға жуық басқарып келді.

Көрмені Бірінші Президент Күніне орайластыру осы жағдайда да ресми емес екенін айту керек. Республиканың қоғамдық және саяси өмірінің реформаторы, шығармашылық адам ретіндегі мемлекет басшысының бейнесі суретшіні ұзақ жылдар толғандыратын, ал Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті бірнеше қайтара түзетіліп, қайта салынған екен. Тағы бір назар аударатын жайт, Николай Павлович Қазақстанның тарихын Томирис заманынан осы күнге дейін бейнелеп шыққан.

Әлі күнге дейін суретші баспа білдегі мен құпиясы өткенге кеткен баспа графикасының әдістерін сақтап келеді. Атап айтқанда, литография, офорт, меццотинто. Гуашь — оның пленэрде жұмыс істегендегі сүйікті техникасы. Акварель мен пастель де Николай Аштеманың қолымен майлы бояудан кем түспейді.

Осы көрме — суретшінің көпжылғы шығармашылық және педагогикалық қызметінің қорытындысы. Үш залда 120 түрлі сурет ілінді: пейзаждар, натюрморттар, сюжеттік суреттер. Олардың көбі көпшілікке бірінші рет ұсынылып тұр. «Арт-заман» жобасының аясында Николай Павлович Шығыс Қазақстан өнер мұражайына өзінің қолымен салынған 4 суретті сыйға тартты. Аталған жобаның арқасында Шығыс облысының мұражай қорлары 20-шы ғасырдың орта кезеңіндегі белгілі суретшілердің кенептерімен толықтырылатын болады.

Николай Павловичтің өзі осымен тоқталып қалмайды. Ал оның жақын достары суретшінің өмірінде «құрметті демалыс» деген ұғымның жоқ екенін айтады.