ШҚО-да бірқатар аудандардың орта мектептеріне оқушыларды тасымалдайтын автобустар алынбақ

560
көрілім
Шартты фотосурет.

Биылғы жылдың желтоқсан айына дейін бірқатар аудандардың орта мектептеріне оқушыларды тасымалдайтын автобустар сатып алынбақ, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Бұл жөнінде облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Байжанова мәлімдеді.

2016-2017 оқу жылында мектебі немесе тиісті мектебі жоқ 384 елді мекеннің оқушылары жақын орналасқан ауылдардағы білім беру ұйымдарына тасымалданады, – дейді ол, – Ал 2017 жылдың желтоқсанына дейін Өскемен, Риддер қалалары мен Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Глубокое, Жарма, Катонқарағай, Көкпекті, Тарбағатай, Ұлан, Зырян, Шемонаиха аудандарының білім беру ұйымдарына мектеп оқушыларын тасымалдау үшін қажетті 20 автобус сатып алынады.