ШҚО-да биыл 553 оқушы мектепті «Алтын белгімен» аяқтайды

1383
көрілім
Шығыс Қазақстан облысында биылғы оқу жылын 553 бала «Алтын белгімен», ал 340 оқушы «Үздік аттестатпен» мектепті аяқтағалы отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі облыстық Білім басқармасының ақпаратына сүйене отырып.

Биыл облыстағы орта білім беру ұйымдары түлектерінің 553-і «Алтын белгіге», ал 340 мектеп бітірушісі «Үздік аттестатқа» үміткер, – деп хабарлайды облыстық Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сайрангүл Жұмәділова. – «Алтын белгі» иегерлері, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық, республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Ұлттық бірыңғай тестілеу жалпы негізде тапсырады. Сондай-ақ, балл саны бірдей болған жағдайда білім беру гранттарын алу басымдылығы «Алтын белгі» иегерлеріне беріледі. Мысалы, егер мектеп бітіруші және «Алтын белгі» иегері де 122 балдан алса, білім гранты «Алтын белгі» иегеріне беріледі. Егер мектеп бітіруші көбірек балл жинаған жағдайда «Алтын белгі» иегеріне басымдылық берілмейді. Яғни, білім грантын алуға қарапайым мектеп бітіруші үміттене алады.

Құзырлы мекеме өкілінің айтуынша, биыл өңірімізде жалпы білім беретін пәндер бойынша 5 халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы гранттар бөлінетін көрінеді. Биыл «Алтын белгіге» үміткер мектеп бітірушілері Өскемен, Семей қалалары мен Аягөз, Жарма, Тарбағатай, Үржар аудандарында көп. Сондай-ақ, аталмыш аудан қалаларда үздік аттестатқа бітіруші мектеп түлектерінің саны да қомақты.

Көпшілік назарына 2016-2017 оқу жылында «Алтын белгі» белгісі мен «Үздік аттестатқа» үміткерлер туралы ақпаратты әр аудан, қала бойынша ұсынамыз:

Аудан, қала атауы

«Алтын белгіге» үміткерлер саны

«Үздік аттестатқа» үміткерлер саны

Абай ауданы

13

8

Аягөз ауданы

93

42

Бесқарағай ауданы

16

3

Бородулиха ауданы

7

5

Глубокое ауданы

12

4

Жарма ауданы

31

13

Зайсан ауданы

21

2

Зырян ауданы

11

11

Катонқарағай ауданы

11

10

Көкпекті ауданы

13

10

Күршім ауданы

22

7

Курчатов қаласы

6

1

Риддер қаласы

10

12

Семей қаласы

54

56

Тарбағатай ауданы

57

32

Ұлан ауданы

9

3

Үржар ауданы

30

9

Өскемен қаласы

85

61

Шемонаиха ауданы

7

11

Облыстық білім беру ұйымдары

45

40

Барлығы:

553

340

Азамат ТЕМІРБЕКОВ

Фотосурет: Тенгриньюс.кз