ШҚО-да биылғы жылдың қыркүйегінде 3 жаңа мектеп ашылады

638
көрілім
Шартты фотосурет.

Биылғы жылдың оқу маусымында облыс бойынша 3 жаңа мектеп ашылмақ, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Жаңа мектептер Семей қаласы мен Үржар, Шемонаиха аудандарында іске қосылады, – дейді облыстық Білім басқармасының басшысы Нұргелді Әбжапаров, – Сонымен қатар, Риддер қаласында 1 жаңа балабақша өз жұмысын бастайды.

Қоса кетсек, 2017 жылы өңірдегі 193 мектепке және 22 балабақшаға 2,7 млрд теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.