ШҚО-да «Болашаққа бағдар.

281
көрілім

Өскемендегі Қалалық орталық кітапханада «Болашаққа бағдар. Взгляд в будущее» панорамалық көрмесі өтуде. Ол Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық сананы жаңғырту Бағдарламалық мақаласының аясында ұйымдастырылды.

Көрме «XXI ғасырдағы ұлттық сана туралы», «Бәсекеге қабілеттілік» және «Прагматизм», «Ұлттық сәйкестікті сақтау», «Білімнің салтанат құруы», «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы», «Сананың ашықтығы», «Туған жер» бөлімдері бойынша дайындалған.

Көрмеге кітапхана қорындағы жаңа кітаптар қойылған. Бұл кітаптар Қазақстан Республикасының тарихы, салт-дәстүрі мен мәдениеті, білімі мен өлкетануы туралы мәліметтерді қамтыған.

Өскемен қалалық орталық кітапхана қала тұрғындарын көрмені тамашалауға шақырады. Кітапхана мекен-жайы: Е.П.Славский атындағы жағалау, 22

Көрмені қаланың студент жастары белсенді түрде тамашалауда

Галина Иванова