ШҚО-да бұршақ жаууы күтіледі

616
көрілім
Шартты фотосурет

Антициклон әсерінен ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек еліміздің солтүстік-батыс, оңтүстік-батыс және шығысында атмосфералық ағындардың өтуімен жаңбыр жауады, найзағай, шығыста бұршақ және дауыл тұруы ықтимал.

Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғып, солтүстікте және орталықта түнде және таңертең тұман күтіледі.

Синоптиктер Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ түседі деп болжауда.