ШҚО-да демалыс күндері 3 көлік өртенген

539
көрілім
Шартты фотосурет.

Шығыс Қазақстанда демалыс күндері өрт салдарынан 3 көлікке зақым келген, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Бірінші жағдайда «БМВ» көлігі «Өскемен-Семей» тасжолында өртенді. Тілсіз жау «БМВ» автөкөлігінің қозғалтқышынан тұтанған. Өрт сөндірушілер келіп жеткенше от ішкі қаптама мен кузовтың сыртын жалмады. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды бірнеше минуттың ішінде залалсыздандырды. Өрттің шығу себебі – қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс атқарудан болуы мүмкін.

Екінші жағдай Зайсан ауданындағы «Зайсан-Теректі» тасжолында орын алды. Жүріп келе жатқан «Ауди» көлігі өртеніп кеткен. Жалын өрт сөндірушілердің көмегінсіз  өшірілді.

Үшінші жағдай Семей қаласындағы Дулатов көшесінде болған. Көлік тұрағындағы «Фольксваген Пассат» автокөлігінің қозғалтқышынан от шыққан. Көлік иесінің бақытына қарай, өрт сөндірушілер оқиға орнына дереу жетіп, тілсіз жауды лезде ауыздықтады. Өрттің жалпы аумағы 1 шаршы метрді құрады.