ШҚО-да Ертіске батып бара жатқан екі жасар бала мен анасын құтқарған 3 азамат марапатталды

551
көрілім

Өзенге тұншыққан бала мен оның анасын құтқарған үш ер адамды Төтенше жағдайлар департаменті төсбелгімен марапаттады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, сәуір айының аяғында Славский атындағы жағалауда оқыс оқиға орын ала жаздаған еді. Жас ана екі жасар баласымен жағалауға серуенге шыққан. Кенет сәби өзенге құлап кетіп, анасы бірден баласын құтқару үшін суға секіреді. Бұл жайтқа сол маңдағы он шақты адам куә болған екен. Алайда соның үшеуі ғана өзенге секіріп ана мен баланы құтқаруға әрекет етеді. Жағалауда кездейсоқ жүрген өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі Виталий Бақтыбаев пен жақын жерде жұмыс істейтін екі ер адам Ернар Қадылбеков, Айдын Төртбай өзенге секіріп әйел мен баланы ажалдан құтқарып қалды.

Отан қорғаушылар күнінде ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің жетекшісі азаматтық қорғаныс полковнигі Нұрлан Мадьяров Виталий Бақтыбаевқа, Ернар Қадылбеков пен Айдын Төртбайға «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісін табыс етті.

Виталий Бақтыбаев

Ернар Қадылбеков

Айдын Төртбай