ШҚО-да қатты ыстық күтіледі

337
көрілім
Шартты фотосурет

Ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Кей жерлерде найзағаймен өткінші жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік-шығыста, солтүстікте бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде дауыл, желдің күшеюі түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Синоптиктердің болжамынша, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде сынап бағанасы 30-35 градусқа дейін жетіп, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Алматы, Жамбыл, Павлодар облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.