ШҚО-да қатты ыстық күтіледі

377
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін республиканың басым бөлігі циклонның ықпалында болады және атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай кей жерлерде найзағай мен жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Елдің тек шығысында, антициклон жотасының әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, дауыл тұрады, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал.

Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Алматы облыстарының кей жерлерінде, Түркістан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облыстарының жекелеген аудандарында қатты ыстық күтіліп, өрт қаупі сақталады.