ШҚО-да қатты ыстық күтіледі

395
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің батыс, солтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда найзағай, өткінші жаңбыр, бұршақ күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Солтүстік Қазақстан облысында, күндіз Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Солтүстік Қазақстан облысында сондай-ақ дауыл тұрады.

Синоптиктер күндіз Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар облыстарында, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады деп болжауда.