ШҚО-да «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі

435
көрілім
Шартты фотосурет

ШҚО Полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны таратқан ақпаратқа сәйкес 14-21-ші шілде аралығында облыс аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, Жол – көлік оқиғаларын болдырмау, сондай-ақ қала сыртындағы тас жолдарда жол жүрісі ережелерінің барлық талаптарын сақтау үшін біздің тарапымыздан профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады.

- Әсіресе жол-көлік оқиғалары өте жиі орын алатын апатты учаскелерде, апаттылықтың алдын алу үшін батальон қызметкерлері арнайы квадракоптердің көмегімен жол ережелерін сақтамайтын жүргізушілерді анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартатын болады.

Барлық көлік жүргізушілерін жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз! - делінген мәліметте.