ШҚО-да көктайғақ күтіледі

611
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін республиканың барлық аумағында екпінді жел, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстікте найзағай күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің екпіні 23 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болжанады. Облыстың оңтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с күшейеді.